Азат Перуашев: Ел мен жақындарыңды ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың — Қазақстан жаңалықтары
«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың айтуынша, ең бірінші байлық – бұл тәуелсіз мемлекеттің болуы. Азат Перуашев жақында КТК арнасындағы «Слуги народа» бағдарламасының қонағы болып қайтып, Артур Платоновқа сұхбат берді. Сұхбат барысында ол болашағын Қазақстанмен байланыстырмайтын қалталы азаматтардың мемлекетті тонамай, елден кеткендері жақсы болар еді деді. Оның сөзінше, болашағын Қазақстанмен байланыстыратын қалталы азаматтар капиталын ресмилендіріп, ақшаларын айналымға салулары керек, деп жазады Stan.kz.
«Шындығында бізде тамақ өнімдерінен басқа көп нәрсе өндірілмейді. Кел-келген дүкенге кірсең, кейбір тауар тобы бойынша тәуелділік 60-тан 100-ге дейінгі пайызды құрайды. Егер, біз өзіміз тауар өндіріп, халықты өзімізде өндірілетін тауармен қамтамасыз еткенде, бізге девальвация бұлай қатты есер етпес еді, тіпті болмас та еді. Себебі, девальвация импортқа тәуелділіктен болады. Біз сырттан аз өнім алып, көбісін өзіміз өндірсек, оның мұндай үлкен әсері болмаушы еді. Біздің экономика әлі деформацияланған сипатта қалып отыр. Ел экономикасы әлі де біздің табиғи ресуртарымызды жұмсауымыздан және шетелден дайын өнімдер тасымалдауға байланысты. Елбасының дезаффикстену бойынша тапсырған тапсырмасына қарамастан, жобалар іске қосылып жатса да, экономика терең құрылымдық өзгеріске ұшырамады. Мысалы, мен мал ұстап, мал өсірумен айналысамын деп алайық. Қызым немесе ұлым ақылы бөлімге оқуға түскелі жатыр делік. Мен оның оқуына 800 мың теңге төлеу үшін 5-6 сиыр дайындап қойдым дейік. Кенеттен, маған курстың өзгергенін, басқа сома төлеу керектігін айтады. Мен сонда ұтыламын. Курс, бәрі өзгергеннен менде шығынға ұшыраймын. Нәтижесінде, өндірушілер тауарды өздері қойған бағаға сатуларын доғарады. Оларға шығынға жұмыс істеген тиімді емес. Сондықтан, оларға өз кәсібін жапқан оңай болады»,- дейді Мәжіліс депутаты Азат Перуашев.
Сондай-ақ, ол қаншалықты әлемді ақша басқарып отырғанымен, ешқандай ақшаға ел мен туған-туысты сатып ала алмасың дейді.
«Шындыққа тіке қарау керек. Жағдай оңай емес, қиын. Бірақ, бұл бізге қол сермей салуға түрткі емес. Бұл өз елің, отбасың үшін күресуді тоқтатудың сылтауы емес. Не болсада елдің, отандастарымыздың, жақындарымыздың тағдыры доллар әлемінен қымбат. Ешқандай ақшаға еліңді, жақындарыңды сатып ала алмайсың. Біз қиын болатынын түсінеміз. Және девальвация әлі соңы емес екенін түсіну керек. Өзіңнің басымдылығыңды, бюджетті қарап шығу керек. Сондықтан, ең алдымен жұмыс тауып, жұмыс істеу керек. Егер, ол жоқ болса жұмысты өзің құру керексің. Ал, жұмыс пен жалақыға күндері қарамайтын жағдайы бар адамдар, яғни біздің әріптестеріміз бен кәсіпкерлер осы елде тұра ма, жоқ па соны анықтап алсын. Егер, олар осында өмір сүргілері келсе өздерінің мүлігін, капиталын ресмилендіріп, капиталын елге инвестициялауы керек. Олар капиталдың жұмыс істеуін қарап, жұмыс орындарын құрастырып, налогтардың төленуін қадағалап, ақша бір жерде сарғайып шіріп жатпас үшін оның айналымға түскенін қараулары керек. Ал, егер олар болашағын біздің елмен байланыстырмаса, мүлігін ресмилендіре алмаса, оларға елден кеткен дұрыс. Біріншіден, елге осылай жақсы болады. Себебі, жемқорлық, ұрлық азаяды. Ұрлайтын адамдар кете берсін, олар кетсе елге жеңіл болады. Екіншіден, біз не үшін күресетінімізді, ақшаны жақсылықпен бермесе, заңмен қайтару керектігін түсінеміз. Бүгінде, адамдар жұмыс істеуін жалғастыру үшін ресмилендіру аясында мүмкін деген жағдайдың бәрі жасалды. Бірақ, бұл адамдар болашағын Қазақстанмен байланыстырған жағдайда. Өйткені, көбінің балалары қазір шетелде жүр.
Сондай-ақ, бәріне бізді өз елімізден басқа жерде күтпейтінін түсіну керек. Өз елімізден артық жерде өз өміріміздің қожайыны бола алмайтынымызды түсіну қажет. Біздің ата-бабамыз 500 жыл бұрын да долларсыз, импортсыз өмір сүрді. Олар валютаға қарап отырмады. Бірақ, оларда бүгінде жүзеге асқан арман болды. Адамдардың тәуелсіз мемлекетте өмір сүруі бұл – ең бірінші байлық. Ал, олар сол кездің өзінде экономикалық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ менталды тәуелсіз болды»,- деді Азат Перуашев.
stan.kz