Азат Еуропа/Азаттық радиосы Софияда бюросын ашты

0

Азат Еуропа/Азаттық радиосы (АЕ/АР) Болгария астанасы Софияда Болгар қызметінің қайта ашылып, жұмысын бастағанын ресми түрде хабарлады.

Азаттық радиосы Болгарияда Қырғи-қабақ соғысына дейін және кейін жұмыс істеп, 2004 жылы жабылған. Медиакорпорацияның вице-президенті Ненад Пейичтің сөзінше, радио жетекшілігі коммунистік режим құлаған соң батыс құндылықтары жеңді деп қабылдаған. «Бірақ, көріп тұрғанымыздай, көп елде әлі олай емес. БАҚ-тің тәуелсіз болуына көп уақыт керек» деді бюроның ашылу салтанатында сөйлеген Пейич.

Жыл басында Азаттық радиосы Бухарестте бюро ашқан.

Румыния мен Болгария Еуропа одағына 2007 жылы кірген. Бұл елдерде жемқорлық мәселесі өршіп тұр.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы – 22 елден 26 тілде түрлі платформаларда (интернет, радио, телеарна, видео) хабар тарататын коммерциялық емес медиакорпорация. Корпорацияны АҚШ конгресі жаһандық медиа агенттігі арқылы қаржыландырады. Америкалық шенеуніктерге, үкімет мүшелеріне корпорацияның редакциялық саясатына араласуға тыйым салынған. Азаттық радиосының аудиториясы ондаған миллион адамға жетеді. Медиакорпорацияның штаб-пәтері Прагада орналасқана.

Azattyq