азаматтардың денсаулығын сақтау мәселесі менің жіті бақылауымда

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Мемлекет басшы атап өткендей, әлі күнге дейін өңірлерде медициналық қызмет алуда қиыншылықтар бар

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Дүниежүзілік денсаулық күнімен құттықтап, елдегі денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді атап өтті.

«Бүгін — Дүниежүзілік денсаулық күні. Биыл бұл күн халықты жаппай денсаулық сақтау қызметімен қамту тақырыбына арналып отыр. Қазақстанда денсаулық сақтау саласына республикалық бюджеттен 1 триллион 180 миллиард теңге бөлінген. Көп шара атқарылып жатыр, оның ішінде тегін медициналық кепілдендірілген көмек көрсету аясындағы жұмыстар да бар», — деп атап өтті Тоқаев.

​Мемлекет басшысы атап өткендей, өңірлерде медициналық қызмет алуда әлі бірталай қиыншылықтар бар.

«Әлі күнге дейін аймақтарда қарапайым медициналық қызмет алуда қиыншылықтар бар. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беру керек. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселесі менің жіті бақылауымда», — деп сөзін түйіндеді Тоқаев.

​Айта кетсек, бүгін – 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтіп жатыр. Бұл мереке 1948 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылуы құрметіне бекітілді. Мейрамның басты мақсаты — жұртшылықтың назарын денсаулық сақтау проблемаларына аудару.



sputniknews.kz