Азамат Сатыбалдының анасы дүниеден өтті

0

Актер көзінің тірісінде анасына арнап актер бірнеше жазба жариялаған болатын, деп хабарлайды KYN.KZ.

«Әкем дүниеден өткеннен кейін, анаммен өткізген әрбір сәтті бағалаймын.

Анамның таңертең әдемі жымиып, маңдайымнан сүйіп, “айналайын” деген бір ауыз сөзі, мен үшін баға жетпес бақыт.

Анамның әкемді сағынып жүргенін іштей сеземін. Сол сағынышын сәл болса да басу үшін құшақтап сүйе беремін. Қалай аяласам да, әкемнің

“Әй кемпір жүр шәй ішейік” деген бір ауыз сөзіне жетпейтінін тағы білемін.

Бұл енді заңдылық. Қазір анамды қызғанатынды шығардым. Бәрінен қызғанамын. Ешкімге бергім келмейді, тіпті әкеме де”, – деп жазатын.

Сондай-ақ, анасының зағип болып, көз жанары көрмей қалған әжесіне де қарағанын мақтанышпен жазып, оқырмандарын жылатқан болатын.

“Біз тоғыз ағайындымыз. Мен кенжесімін.

Әкем қызметте,ал анам өмірін отбасына арнады.

Әкемізді көп көрмейтінбіз.Таң атпай жұмысқа кетіп, біз тәтті ұйқыда жатқанда келетін. Үйдің шаруасымен анам айналысты.

Атам өмірден өткен соң,әжемнің екі көзі көрмей зағип болып қалды.

Сол кезде анам әжемнің жағдайын жасап, қасынан бір елі кетпеді. Уақыт келе әжем төсек тартып қалды. Әжем жатқан бөлмеге тек анам ғана кіретін. Анам,әжемнің астын тазалап, төсек көрпесін күнде жаңалап, ластанғанын жуып келесі күнге дайындап қоятын.Ішетін тамағын да өз қолымен беріп жүрді.Біздің жағдайымызды жасап, күйеуін де күтіп, әжеме де қарап үлгеретін. Таң ертең әкемді жұмысқа жіберіп, бәріміздің мектеп киімімізді дайындап қоятын. Балаларын кезегімен мектепке жіберіп,өзі әжемнің көңілін аулайтын.

Қайтыс болар алдында әжем қатты қиналды. Сол кезде бізді тездетіп далаға шығарып өзі күн ұзақ әжемнің қасында болды. Әжеммен бірге анам да қатты қиналды,бірақ берілмеді. Әжем өмірден өткенде, анам егіліп қатты жылады. Мен баламын ғой, көп нәрсені түсінбеппін…..

Арада талай жыл өтті. Жақында анам, “мен бақытты жанмын. Менің бақытым енемнің батасында екен. Мен бата алған келінмін, сол алдыма келді Құдайға сан мың шүкір” деді. Еріксіз көзіме жас алдым….”, – дейді актер.

фото: әлеуметтік желіден