Азамат Сатыбалды отбасылық өмірінің құпиялы тұстарын айтты (видео)

0

Қазақстандық танымал актер Азамат Сатыбалды отбасылық өміріне қатысты мәліметтермен бөлісті. Өнер иесі сұхбат барысында жанұясы туралы бар шындықты айтып, он жыл уақыт бойы келіншегі екеуінің екі бөлек тұруына не себеп болғанын түсіндірді.

Азамат Сатыбалды әйелі Назгүл Қарабалина екеуі он шақты жылдай тұрақты бір шаңырақ астында тұрмағандарын ашып айтты. Оған өнер саласында еңбек етіп жүрген ерлі-зайыптылардың қарбалас жұмысы себеп болған.

Актер Алматыда қызмет етсе, жолдасы елордасы Нұр-Сұлтанда жұмыс істеді. Бұл туралы ол НТК арнасындағы «Ревю» бағдарламасына берген сұхбаты кезінде айтты.

– «Біраз уақыт бойы, шамамен, он жылға таяу бізд екі қалада тұрып, жұмыс істедік. Назгүл астанада, мен Алматыда тұрдым. Бірақ, екеуіміз де мен Нұр-Сұлтанға, ол Алматыға келіп жүрдік. Қазір Назгүл түбегейлі Алматыға көшіп келді. Бүгінде қасымда, екі жылдай болып қалды. Назгүл негізі театрда, бірақ қазірде көбінесе үй шаруасымен айналысуда. Cебебі, үйде бір адам керек қой» , – деп ашығын айтты Азамат Сатыбалды.

Оған қоса, өнер иесі келіншегіне қатты еркелейтінін жасырмады.

– «Мен өмірде негізі жалпы ерке адаммын. Үйдің тоғызшысымын. Үйде ағаларым мен әкем еркелеткен. Үйленгеннен кейін жолдасыма еркелеп кеттім. Театр да, кино да еркелетеді. Мен дүкенге кірмеген, нан алмаған қазақпын.Қоқыс төгіп көрмеген жігітпін. Мені үйдегілер солай қорғады. Әкем менің тек шығармашылықпен айналысқанымды қатты қалады. Әкемнің аманаты сондай. «Азаматқа ештеңе істетпеңдер, ол тек өнермен айналыссын» деді. Мен 24 сағатымның 90 пайызын өнерге арнаудамын» , – деді актер.

Oinet.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз