Азамат Мұсағалиев Скриптонитке пародия жасады — Әуен

0

Белгілі шоумен Азамат Мұсағалиев қазақстандық музыкант Скриптонитке пародия жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Пародия ТНТ телеарнасындағы «Однажды в России» шоуының эфирінде көрсетілді. Музыка авторлары «Скриптотип — Мультипросто» пародиясын «Мультибрендовый» трекіне ұқсас екенін айтты. Мұсағалиев шоудың үзіндісін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Азамат Мұсагалев — этникалық қазақ, актер, әзіл-сықақшы және тележүргізуші. ТНТ телеарнасындағы «Однажды в России» шоуының қатысушысы, сол арнадағы «Где логика?» шоуының жүргізушісі, «Интерны» сериалына түскен.

Ал Әділ Жалелов — Скриптонит лақап атымен танымал музыкант, қазақстандық рэп-орындаушы.