Азамат Мұсағалиев қазақша ән айтып, желі қолданушыларын таңғалдырды

0
40

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Танымал ресейлік шоуменнің қазақша ән айтқаны әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті, олар жағымды пікірлер жазып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Танымал әзілкеш, шоумен Азамат Мұсағалиев қазақша ән айтып, әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның қазақша ән айтқан сәтін әріптесі, қазақстандық КВН-ші Данияр Жұмаділов Instagram-парақшасына жүктеді.

«Бауырым, өз ана тіліңде ән айтқаның сүйсіндіреді. Махаббат туралы ән. Жақында», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары видеоның астына пікір жазып, таңданысын жасырмады.

«Қандай керемет! Ол қазақша ән айта алады», – деп жазды олардың бірі.

Ал тағы бірі танымал әзілкешті қазақша білмейді деп ойлағанын айтқан.

«Ол қазақша акцентсіз айтып тұр ма? Мен оны мүлдем қазақ тілін білмейді деп ойладым. Жарайсың!», – деді ол.

Енді бірі оған қазақша өнер көрсетуге кеңес берген.

«Ақыры қазақша ән айтып жатыр екен, қазақша КВН ойнағанын күтеміз», – деп жазды желі қолданушысы.

«Азамат бауырым, Қазақстан халқы атынан қазақша көбірек ән айтуыңды өтінемін. Жанымды жадыратып жібердің. Бұл өмірде барыңа рақмет», – депті тағы біреуі.

Тағы оқыңыз: Қазақ тілі туралы әзілдеген Азамат Мұсағалиев қазақстандықтарға үндеу тастады 

Айта кетейік, Азамат Мұсағалиев – этникалық қазақ, әртіс, әзілкеш және тележүргізуші. Ол – «Сборная Камызякского края» КВН құрамасының капитаны, «Где логика?» шоуының жүргізушісі, «Однажды в России» шоуының қатысушысы, әрі ресейлік «Интерны» сериалына түскен.



sputniknews.kz