Автоұрының құрбаны болған Баландин алматылық полицейлер туралы: Бір апта күтуімді сұрады (видео) — Қазақстан жаңалықтары
Бірер күн бұрын жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасы ұрланған еді. Көліктің бір айнасының құны шамамен 400 мың теңге тұрады. Полицейлер күдіктіні анықтап, аз уақыттың ішінде ұстады, деп хабарлайды Stan.kz.
Полицейлер Олимпиада чемпионына көлігінің айнасын тауып, қайтарып берді. Ол 32 жастағы ер адамның үйін тінту кезінде табылған.
Өз кезегінде Дмитрий Баландин полицейлерге алғыс білдірді.
«Біз полиция басқармасына барып арыз жаздық. Бір апта күтуімді сұрап, бір аптаның ішінде табуға тырысатындарын айтты. Екі күн өтпей жатып тауып берді. Жақсы болды. Қуаныштымын», — дейді Баландин.
Еске сала кетсек, Алматыда жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасы ұрланған. Ұрлық өткен жылдың жазында мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге шабуыл жасалған жерде болған.
Артынша күдікті қолға түсіп, неліктен ұрлық жасағанын айтты. Оған ақша керек болған екен. Ер адам бұрын 3 рет сотты болыпты.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz