«Авторитет ұрып тұр»: Ерке Есмахан имам ағасы мен жанұясы туралы ашып айтты — новости Казахстана

0

Отандық эстрада жұлдызы Ерке Есмахан өзінің имам ағасы мен бауырларының қызметі туралы айтып берді. Әнші бұл туралы Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Елдің еркесі атанған әнші ағасының діни қызметте екенін алға тартты.

«Бірі білсе, бірі білмес, менің туған ағам Бауыржан Есмахан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында найб муфти қызметінде!

Бұл Меккеге 10-шы сапары. Бауырым қарындасына тілек тілеп, суретке түсіріп жүр екен! Не тілеу керек екенін ағама тапсырыс беріп қойғанмын өзім!«, — деді ол.

Оған қоса, әнші басқа да бауырларының қызметі туралы сөз етті.

«Негізі бес ағайындымыз, үлкен ағам мектеп директоры, кіші ағам дін жолында, мен өнер жолында, ал, екі әпкем жезделерімнің жолында! Әкем қазақ тілі қоғамының бастығы! Ал, мамам бәріміздің бастығымыз! Әсіресе жеңгелерімнің!», — деді Ерке.

Әнші өзінің туыстары қай жерде жүрсе де абыройы мықты екенін жеткізді.

«Бәрі, былайша айтқанда, кез келген жерге барғанда әнші Ерке Есмаxанның туысқандары! «Авторитет» ұрып тұр ғой, шіркін (үйдің әзілі). Айтпақшы, мен ең кенжесімін!

Әке-шешем өте кеш, қартайғанда мені өмірге алып келді! Өздері де жоспарламаған сияқты негізі! Бірақ, өте сапалы, талантты Ерке қыз туылды!

Әкем мен анам 18 немере мен 4-5 шөбере сүйіп отырған бақытты ата мен әже!
Барлығына Аллаға сансыз шүкір!», — деген әнші жазбасында.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар



Дереккөз: kaz.nur.kz