Автомобиль әскери жүк көлігімен соқтығысып, 3 адам қаза тапты

0
Автомобиль әскери жүк көлігімен соқтығысып, 3 адам қаза тапты


Бүгін таңертең Өзбекстанда жеңіл автомобиль әскери жүк көлігімен соқтығысып,  салдарынан үш адам қаза тапты.

Жол апаты әскери көліктер колоннасы жоспарлы әскери дайындық өткізетін аймаққа бара жатқанда, Шахрисабз — Қаршы автожолында болды. «Инспекторлар қозғалысты тоқтатуға белгі бергеніне қарамастан,

«70 U 110 MA» нөмірлі «Ласетти» автомобилі мұны ескермеген. Соның салдарынан ол «ЗИЛ-131» маркалы жүк көлігімен соқтығысты. Үш адам — жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапты. Жеңіл көліктің тағы бір жолаушысы  жарақат алған», — делінген хабарламада.

Зардап шеккен жолаушыға медициналық көмек көрсетілген, қазір оның өміріне төнген қауіп жоқ.

Дереккөз: ҚазАқпарат