Автобустың төбесі опырылып кеткен: Қордай маңындағы жантүршігерлік апаттың суреттері пайда болды  — Қазақстан жаңалықтары

0

Бүгін таңғы сағат 5-тің шамасында Қордай маңында жантүршігерлік жол апаты болып, 11 адам мерт болды. Желіде оқиға орнында түсірілген суреттер тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Автобустың төбесі опырылып кеткен: Қордай маңындағы жантүршігерлік апаттың суреттері пайда болды 

Сурет: Facebook/»ОСА» тобы

Facebook желісіндегі «ОСА» тобында аударылып қалған автобустың суреттері жарияланды. 

ЖКО түсірілген суреттерде автобустың аударылып қалғаны көрінеді. Оның төбесі опырылып кеткен. Сонымен қатар Toyota маркалы көліктің күл-талқаны шыққан. 

 

Еске сала кетсек, бүгін, 20 сәуірде Алматы-Ташкент тасжолында ауыр жол апаты болды. «Тойота камри» маркалы көлік сол бағытта жүріп бара жатқан жүк көлігіне соғылды. Тасжол бойында апатқа ұшыраған көліктердің артынан келе жатқан автобус оларға соғылмайын деп әрекеттеніп, салдарынан жолдан шығып құлап кеткен. 

Апат салдарынан 11 адам қаза тауып, тағы 29 адам зардап шекті. Зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар ғана емес, Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары бар. 

«РИА Новости» басылымының мәліметінше, апаттан көз жұмғандардың бәрі — Өзбекстан азаматтары. 

 

stan.kz