Автобуста қыздың әуретті жерін ұстаған: полиция күдіктіні ұстады
Бұған дейін бәз біреудің қоғамдық көлікте қыздың бөксесін ұстағаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған болатын
Видеода қыз қорыққанынан келесі аялдамада шығып кеткенін көруге болады. Қырғызстанда қыздың әуретті жерін ұстаған күдіктіні полицейлер тауып, оның кім екенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «АКИpress» порталына сілтеме жасап.
Бішкек қалалық ІІБ баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті 1989 жылы туған Қ.А. есімді азамат. Полиция бөлімшесіне баруын өтінген кезде ол қарсылық көрсетіп, полиция қызметкерлерін балағаттай бастаған.
Сондықтан ол Ленин аудандық ІІБ-не жеткізіліп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы камераға қамалды.