Автобус жүргізушісі қарт жолаушыға күш көрсетіп, көліктен итеріп жіберген (видео)

0

Жүргізуші мен жолаушы арасындағы төбелесті куәгерлер түсірген. Бейне Instagram парақшасында пайда болды. Кадрдағы әңгімеге қарағанда жолаушылар жүргізушінің көлік айдағанына риза емес. Олардың бірі бұл туралы жүргізушіге ескертуді жөн санаған. Қатты жанжалдан кейін жүргізуші қарт адамды салоннан итеріп жіберген.

Бейне әкімдік қызметкерлерінің назарына да ілікті. Іс сотқа жіберілді.

«Қазіргі уақытта қоғамдық көлік жүргізушісі жұмыстан шеттетілді. Қабылданған сот шешімі қосымша хабарланатын болады», — деп хабарлады ТКШ бөлімі.

Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Фото, ақпарат: http://t.me/orda_kz