автобус жүргізушісі ерлік жасағаны белгілі болды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Елордадағы ірі жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші 30 адамды құтқарған

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз — Sputnik. Нұр-Сұлтандағы ірі көлік апатында автобус жүргізушісі ерлік жасады, деп хабарлайды «Астана LRT» АҚ.

«Бақдәулет Әлібек зардап шеккендерге алғашқылардың бірі болып көмектесті. Ол апат болған уақытта өзінің автобусымен қарсы бағытқа бара жатқан. Жантүршігерлік оқиғаны көрген жүргізуші автобусын тоқтатып, зардап шеккендерге көмекке барды. Үш жолаушымен бірге қираған автобус есігін ашудың жолын тапқан. Зардап шегушілердің жарақаты әртүрлі болды», — дейді көлік компаниясының өкілдері.

Бақдәулеттің айтуынша, ол қауіпсіздік техникасын сақтауға ерекше көңіл бөлген. Сондықтан мұндай ірі апат кезінде мүлдем саспаған. Компания жүргізушіге төтенше жағдайда белсенді болып, жолаушыларға көмектескені үшін алғыс білдірді.

«Астана LRT» АҚ баспасөз хатшысы Науат Азанбаевтың айтуынша, жүргізуші бұл ерлігін бәрінен жасырып келген.

Тағы оқыңыз: Жүргізушілер көз жұмған әріптестері жайлы айтып берді

Еске сала кетсек, 26 наурызда Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды. Үш автобус соқтығысып, бірнеше автокөлікке, соның ішінде жедел жәрдем көлігіне де зақым келді. Апат салдарынан 1966 жылы туған автобус жүргізушісі мен 26 жастағы жолаушы көз жұмды.



sputniknews.kz