Қыздың автобус дөңгелегі астында құлған сәті видеоға түсіп қалды

0
28733

Әлеуметтік желілерде 26 жастағы қызды автобустың соққаны түсірілген видео пайда болды. Қыз қайтыс болған. Оқиға Атырауда 23 мамырда 20:20 шамасында болған.

– Тергеу әрекеттері барысында полицияға қарсы жолаққа қойылған автокөліктердің бірінің видеорегистраторының жазбалары келіп түсті. Бұл қыздың бағдаршамның рұқсат етілген сигналымен жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан өтіп бара жатқанын анық көрсетеді , – деп хабарлады Атырау облысының полиция департаментінде.

Белгілі болғандай, автобус жүргізушісіне қылмыстық іс қозғалды. 345 бап (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы, адам өліміне әкеп соқтыруы). Тергеу жүргізіліп жатыр, күдікті адам уақытша ұстау изоляторында.