Автобус бір үйір жылқыны басып кетті

0
Автобус бір үйір жылқыны басып кетті


Башқұртстанда жолаушылар автобусы бір үйір жылқыны басып кетті.

Бұл туралы өңірлік ІІМ ресми сайты мәлім етті. Оқыс оқиға 25 қараша күні Мелеуз — Сыртланово күре жолында болған. Автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, кенет жолға жүгіріп шыққан жануарлардың бірнешеуін басып кетті.

Апат салдарынан төрт жылқы өлген. Жол апаты болған кезде, автобуста жолаушылар болмаған, жүргізуші зардап шекпеген. 

Еске салайық, осыған дейін Орал-Ақсай жолы бойында «Фольксваген Шаран» автокөлігі жылқыларды соғып кеткен болатын. Оқыс оқиға салдарынан алты жылқы жараланып, тағы бірнеше жылқы өлген.

Дереккөз: ҚазАқпарат