Австриялық ғалымдар: Дельфиндер толық жойылудың алдында тұр — Қазақстан жаңалықтары

0

Цюрих университеті мен Бристоль университетінің бір топ ғалымдары дельфиндердің жаһандық жылынудың әсерінен жойылып кету қаупі бар екенін мәлімдеді.  Зерттеу Current Biology журналында жарияланды деп хабарлайды Stan.kz.

Австриялық ғалымдар: Дельфиндер толық жойылудың алдында тұр

Ғалымдар 2011 жылғы жылынудың дельфиндердің репродукциясына әсерін зерттеді. Олар Шарк шығанағындағы температураның 4 градусқа көтерілуі жергілікті экожүйенің негізі болып табылатын теңіз балдырларының едәуір бөлігінің өлуіне әкелгенін анықтады. 

Осыған байланысты 2011 жылдан кейін дельфиндердің өмір сүру деңгейі 12%- ға төмендеген. Сондай-ақ осы сүтқоректілердің туу көрсеткіші де азайған.

Айта кетерлік бір жайт, мамандар жаңа туған дельфин балаларының арасында өлім-жітімнің артқанын және жыныстық жетілудің төмендегенін  анықтады.

Бұл ретте,  мұхит тереңінде тамағын тауып жейтін дельфиндер жылудан қатты  зардап шекпеген.  Алайда, ғалымдардың жүргіpген зерттеу нәтижелері бойынша алаңдауға себеп бар. Өйткені, ұзақ мерзімді перспективада температураның көтерілуі дельфиндердің толық жойылып кетуіне әкелуі мүмкін.

stan.kz