Австралиялықтың мешіттегілерді қырып салған сәтінің видеосы пайда болды
Ол кемінде 27 адамды өлтірген.
Жаңа Зеландиядағы мешіт ішінде болған қанды қырғынның видеосы пайда болды. Оның кадрлары GoPro-камераларға арналған Live4 хостингінде жарияланды, деп хабарлайды Lenta.
Мешітке кірген қылмыскер алдымен мылтықпен өзінің алғашқы құрбандарын ата бастайды. Сосын қолына винтовка алып, жан-жағына тағы оқ атады.
Видео Крайстчерч қаласында түсірілген. Қылмыскер кемінде 27 адамды өлтірді. 30-дан астам адам жараланды.
Қылмыскер әсіреоңшыл көзқарастағы Австралия азаматы.
Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джасинда Ардерн бұл оқиғаны ел тарихындағы «ең қаралы күндердің» бірі деп атады.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz