Аузына құм құйып, кірпіш тасытады: Сарқандта куәгерлер асыранды балаға қорлық көрсетіліп жүргенін айтты

0
270

Алматы облысының Сарқанд қаласында асыранды 10 жасар балаға қиянат жасалды. Облыстық ІІД бұл фактіні растады. Оқиға 11 тамызда болған.

Видеоны Facebook желісіндегі НеМолчиKZ қорының басшысы Дина Смайылова жариялады.

Куәгерлердің айтуынша, бала үнемі қорқытып-үркітудің құрбанына айналған. Күн сайын аптап ыстықта баланың арқасына шамамен 6 кірпіш қойып, аузына құм құяды. Онымен бірге бұл үйде балалар үйінен асырап алынған тағы төрт бала тұрады. Олардың бәрі үнемі қорланады.

Көршілер балаларға араша түспек болып, полиция шақырды. Бірақ ер адам есікті жауып, баланы қорлауын жалғастыра берді. Баланы ұрған видеодағы ер адам – балалар үйінен балаларды асырап алған әйелдің ұлы.

Алматы облыстық ІІД бұл фактіні растады. Оқиға 11 тамызда болған. Сол күні қылмыстық іс қозғалды. Материалдар қорғаншылық және қамқоршылық органдарына, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға берілді.