Бұл туралы Айгүл Елшібаева әлеуметтік желіде жазды.
«Өнер адамының депутат болуына қарсымын. Өнер адамы мәдениет саласын басқарсын. Көбісі депутат болуға, мәдениеттің мардымсыз айлығынан қажығасын, жалақыға бола барады ма? деп ойлаймын.
Халыққа танымал өнер иесі, ұлттық мәселелерді көтергенмен, ұлттық иделогия мемлекеттік деңгейде болмаған елде, саясатың ешқашан қолдамайды.
Өнер адамы не үшін билікке ұмтылады? Саны бар сапасы жоқ, аузы булы өгіз күйінде отырған, айналасына жақсы атты депутатты көргенде, ақының да жыршың да , мынаның қасында тіл білем, халықтың жанайқайын жеткіземін деп барады емес пе?
Жазушы Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Мұхтар Шахановтар депутат болғанда, біздер айтуын айтқанмен, ол жер мен айтты екен деп, қолдай салатын жер емес екен дегенін, сұқбаттардан оқыдық. Алла аса талантты қып жаратып, милионның ішінде өнер бергесін, халыққа бергенін қайтару сауапты іс. Сайқал саясатпен халық алдында сиың кетпесін», — деп жазды әнші.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымын білдірмейді!