Ауызашар: қаумалаған көпшілік күлкіге қалды (ВИДЕО)

0

Әлеуметтік желіде тегін ауызашарға жүгіріп кірген адамдардардың видеосы қызу талқыланып жатыр.

Бейнежазбадан маңдайшасында «Оразаларыңыз қабыл болсын» деген жазуы бар палатка құрылғанын және онда көп адамға дастарқан жайылғанын көруге болады. Сондай-ақ ауызашар уақыты болған сәтте халықтың жапа тармағай үстел басына жүгіріп, отырып жатқаны көрсетілген.

Оқиға нақты қай жерде болғаны белгісіз. Бірақ желі қолданушылары Алматыдағы орталық мешіттің ауызашары екенін жазып жатыр.