Ауыр дертпен күресіп жатқан актер Мұрат Бисембин жазба жариялады

0

«Рэкетир» фильмі арқылы танылған актер Мұрат Бисембиннің жақында қатерлі ісікке шалдыққаны белгілі болған еді. Осы жағдайға байланысты актер әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

«Мені жеңу оңай емес. Мен міндетті түрде мұның бәрінен өтемін. Маған моральдық және материалдық тұрғыда көмектесіп жатқан барша жанға тағы да алғыс айтқым келеді! Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін. Шексіз алғыс», – деп жазды актер.

Фото: instagram/murat_bissenbin