Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы ұсталды – видео

0
27

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

https://sputniknews.kz/images/379/81/3798139.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/society/20191218/12322946/auyr-atletikada-para.html

Орталық басшысы мен бас есепші кәсіпкерден 6 миллион 625 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан – Sputnik. Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК басшысы мен осы кәсіпорынның бас есепшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлады сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл қызметі.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда депутат ұсталды 

«Олар алдын ала сөз байласып, Жамбыл облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісімшартқа сыйақы ретінде кәсіпкерден 6 миллион 625 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», – дейді арнайы қызмет мамандары.

Ресми ақпаратқа сәйкес, орталық басшысы мен бас есепші кеше, 17 желтоқсанда ұсталған. Олар Алматы қалалық ішкі істер департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз