Ауыр атлетика: Катар кубогы қорытындыланды

0

2018 жылғы 23 желтоқсан 21:11 217

Ауыр атлетика: Катар кубогы қорытындыланды

СТАНА. ҚазАқпарат — Дохада ауыр атлетикадан Катар кубогы аяқталды. Қазақстан командасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл турнир лицензиялық болып саналады. Жиналған ұпайлар Олимпиадаға жолдамалар сарапқа салынатын кезде есепке алынады.

Қазақстанның атынан жарысқа Арли Чонтей (61 келіге дейін), Игорь Сон (61 келіге дейін), Фархад Харки (67 келіге дейін), Нижат Рахимов (73 келіге дейін), Айдар Казов (81 келіге дейін), Рүстем Сыбай (96 келіге дейін), Илья Ильин (109 келіге дейін), Карина Горичева (64 келіге дейін) және Раушан Мешітханова (87 келіге дейін) қатысты.

Қазақстандық атлеттер үлкен жеңістерге жете алған жоқ. Сондай-ақ, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин жарыс жолына шыға алмай қалды. Спортшы арқасының зақымына байланысты «жұлқи көтеруге» шыға алмады.

Жарыстың қорытындысы бойынша команданың активінде үш медаль — екі күміс және бір қола бар. Сон мен Мешітханов күміс жүлдені иеленсе, Рахымов қола жүлде алды.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz