Ауыр атлет Игорь Сон допинг үшін 8 жылға спорттан шеттетілді

0

Ауыр атлет, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сон допинг үшін 8 жылдық турнирлерге қатысудан шеттетілді, деп жазады prosports.kz.

Бұрын Orda.kz 2022 жылдың 2 наурызында спортшы допинг-тест тапсырды, ол оң нәтиже берді деп жазған еді.

Игорьдің есімі өткен жылдың 28 наурызында Қазақстан ауыр атлетика федерациясының ресми сайтында жарияланған мәлімдеме тізімінде болды. Федерацияда Қазақстандық Ұлттық допингке қарсы орталық 2022 жылғы 9 ақпан мен 2 наурыз аралығында спортшыларға жарыстан тыс допинг-бақылау жүргізгенін атап өтті.

Сондай-ақ, тізімге ұлттық құрамадан тағы бес ауыр атлет кірді: Абылай Әуелханов, Алексей Дроздов, Матвей Макрушин, Юлия Потасова және Руфина Чалкарова.

Ақпарат, фото: http://t.me/orda_kz