ауылда қонақтың мәйіті мерекелік дастарқанда бірнеше күн «отырған»

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

14 0 0

Мерекелік дастарқан жайып, Жаңа жылды тойлаған ауылдастар арасында жанжал шығып, үй иесі қонақты бөренемен басынан ұрған

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Беларусьтің Витебск облысындағы ауылдардың бірінде мерекелік дастарқанның басында бірнеше күн бойы «отырған» ер адамның денесі табылды.

Бұл туралы РИА Новости басылымына Витебск облыстық атқарушы комитеті ішкі істер басқармасының ресми өкілі Виталий Сапроненко мәлімдеді.

Айтуынша, 8 қаңтарда Чересса ауылының тұрғыны күйеуінің бірнеше күн бойы үйге келмегенін айтып милицияға жүгінеді. Құқық қорғау органдары анықтағандай, соңғы рет ер адамды Ресейден келген ауылдасының үйінде көріпті.

«Қылмыстық іздеу қызметкерлері бұл ақпаратты тексеріп, әйелдің күйеуін тапты. Оның денесі 2019 жылдың 30 желтоқсанынан бері мерекелік дастарқан басында «отырған». Алдын ала қорытынды бойынша, ер адам 6 қаңтар күні көз жұмған», — деді Сапроненко.

Белгілі болғандай, үй иесі мен ер адамның арасында жанжал шығып, үй қожайыны бөренемен басынан ұрған.

Тағы оқыңыз: Жаңаөзенде Toyota Camry көлігінен мәйіт табылды: оқиғаның мән-жайы

«Алайда қонақ үстел басында капюшонмен отырғандықтан, үй иесі оның ауыр жарақат алғанын түсінбеген. Осылайша бірнеше күн өткен, милицияға да хабар бермеген», — деді ресми өкіл.  

Сараптама анықтағандай, 1969 жылғы ер адам жабық бас сүйегі-ми жарақатынан көз жұмды.

1966 жылғы күдіктіге қатысты Беларусь қылмыстық кодексінің 147-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



sputniknews.kz