Ауыл жабылып, арнайы операция жүруде. Бішкек маңында ірі атыс орын алды

0
18

Бішкек маңында атыс басталды, арнайы операция жүріп жатыр.

24.kg ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Шу облысындағы Дмитриевка ауылында атыс болып жатыр. Бішкекке апаратын жолдың жабылғаны нақтыланды.

Басылым дереккөзіне сүйенсек, алдын ала мәлімет бойынша, бүгін таңертең Ішкі істер министрлігінің арнайы жасақтары қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстамақ болған.

Кейін Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі арнайы жасақ қызметкерлері қарулы лаңкесті ұстау операциясын жүргізгенін хабарлады.

«Лаңкес жойылды. Оқиға орнында Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшылары жүр. Қазір ІІМ-нің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Толық ақпарат сәл кейінірек беріледі. », — деді министрлік.

Sputnik Қырғызстанның хабарлауынша, Дмитриевка ауылы Бішкектен 30 шақырым жерде орналасқан. Алдын ала мәлімет бойынша, қауіпсіздік күштері онда қарулы топты ұстау үшін арнайы операция жүргізіп жатыр. Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, екі қауіпсіздік қызметкері жараланған.