Ауыл тұрғындары өлген бұқа үшін 13 күн аза тұтты

0

Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы Курди ауылының тұрғындары өлген бұқа үшін 13 күн аза тұтты, деп хабарлайды ЭК.

The Times of India таратқан ақпаратқа қарағанда, бұқа бұл ауылда 20 жыл өмір сүрген. Тұрғындар оны отбасының бір мүшесі деп есептеп кетіпті. Бұқа өлген соң, діни рәсімін жасап, дастархан жайып, 13 күн аза тұтқан. Үндістанда мұндай рәсімді отбасының үлкені қаза болғанда жасайды екен.

Жаназа кезінде адамдар өкіріп жылады. Жануарды бәрі жақсы көрген,

-дейді жергілікті діндар Нареш Пандит.

Бұқа ешкімге тиесілі емес екен. Бүкіл ауыл болып оған қараған.

Бұқа қартайып өлген. Оны бұзау кезінде ауылдың жанындағы қасиетті жерден тауып алғандықтан құдайдың сыйы деп түсінген. Кейбірі оны ақ бұқа кейпінде суреттелінетін Нандин құдайы деп білген.