Ауыл шаруашылығы министріне Ислам Әбішті тағайындау керек

0

Бұл пікірді әлеуметтік желіге заңгер Абзал Құспан жариялады.

«Altay Nurmaganbet деген азамат “Шындықтан қаша алмайсың”-деген топта қызметінен босаған а/ш министрінің орнына Ислам Әбішті тағайындау керек деген жазба қалдырып, оның астына 200-ге жуық пікір жазылыпты.

Соның ішінде, Болат Жүгінісов ағамыздың мына пікіріне көзім түсті. Сол сәтте Исекеңмен бірге қонақтықта отырғам, дастархан басында дауыстап тұрып, салтанатты түрде оқып бердім, Сіздермен де бөліскен дұрыс деп таптым:

“Ислам Әбіш өте мықты адал басшы балған азамат. Ислам Әбішев су мәселесінің маршалы. Одан артық ешкім білмейді. Бұл мәселенің көп жылдар майын ішкен адам. Жемқорлармен күресемін деп өзі бәлеге қалды. Сотталды. Ақталып шықты. Сол кісіні Ауыл шарушылығы министрі етіп, оған Су шаруашылығын да қоса беру керек. Құзырын соғыс министрімен тең ету керек.

Ислам Әбішев өндіріс қолбасшысы болып шыныққан, өз саласын жақсы менгерген адам. Өтірік ақпарат пен жемқорлықтың оазисі (иранбағы) болған еліміздің Су шаруашылығын 2014 жылдардан бастап әжептәуір жөнге келтірген осы кісі. Су мәселесі мен ауылшаруашылығын жетік білетін қабілетті басшы тап қазір өте қажет.

Себебі: Азық-түлікті жемқорлар қымбаттатып жіберді. Қазақ жерінің 70 % шөл мен шөлейт. Су мәселесі, мал азығының жеткіліксіздігі еліміз үшін күрделенбекші. Жаман айтпай жақсы жоқ, ашаршылықтың жолын кесетін Ислам Әбішев сияқты азамат дәл қазір керек» деп жазды заңгер.