«Ауыл» партиясының басшысы қайтыс болды

0

Белгілі ғалым, ҚР ҰҒА академигі, «Ауыл» Халықтық – демократиялық патриоттық партиясының Алматы қаласы бойынша филиалының төрағасы Абдолла Сапарұлы Сапаров дүниеден озды.

Абдолла Сапарұлы ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы ғылыми — зерттеу институттарында басшылық қызметтер атқарып, ғылым саласының өркендеуіне елеулі үлес қосқан тұлға.

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының еліміздің ең ірі мегаполисіндегі филиалының төрағасы ретінде партиямыздың саяси қоғамдық жұмыстарын жандандырып, адал да, абыройлы қызмет етті.

«Марқұмның отбасына, жақындарына қайғыларына ортақтасып қөңіл айтамыз. Абдолла Сапарұлының жайсаң бейнесі, жарқын істері әрқашанда жадымызда сақталады» деді
«Ауыл» Халықтық — демократиялық патриоттық партиясы Саяси кеңес Президиумы.