«Ауыл» кандидаты Төлеутай Рақымбеков тіл сынағынан өтті
«Ауыл» партиясы ұсынған кандидат Төлеутай Рақымбеков 27 сәуірде қазақ тілі сынағын тапсырды. Тіл комиссиясы Рақымбеков қазақ тілін еркін меңгерген деген шешім шығарды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) хабарлады.
Сынақ үш кезеңнен тұрған: шығарма жазу, мәтін оқу және лингвистикалық комиссия берген тақырып бойынша көпшілік алдында кемінде он бес минут сөз сөйлеу. Рақымбеков «Күш — бірлікте» тақырыбында шығарма жазып, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолын» оқыған. «Елорда – тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында 15 минут сөйлеген.
27 сәуірде Төлеутаевтан бөлек, Қазақстанның коммунистік халық партиясы ұсынған кандидат Жамбыл Ахметбековтің қазақ тілі сынағын тапсыратыны хабарланған.
27 сәуірде ОСК-ға құжаттарын тапсырған «Ұлт тағдыры» қозғалысы ұсынған кандидат Әміржан Қосанов тіл сынағын 29 сәуір тапсырады.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Президент сайлауына кандидат ұсыну 28 сәуір кешке дейін жалғасады, кандидаттарды тіркеу 11 мамырда аяқталады.
Қазірге дейін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынған кандидаттардың тізімі: