Ауруханаға түскен Мейрамбек Бесбаевтың жағдайы туралы ақпарат шықты

0
7247

Әнші кеше жедел жәрдем шақырып, ауруханаға жеткізілген. Алдымен пневмония, кейін коронавирус диагнозы қойылып отыр.

Мейрамбек Бесбаев коронавирус диагнозымен ауруханаға түсті.

«Кеше жедел жәрдем шақырды. Кенеттен жағдайы нашарлап кетті. Бірінші пневмония деді, кейін коронавирус диагнозы қойылды», – деді Sputnik Қазақстан тілшісіне «МузАРТ» тобының директоры Ерлан Жүнісбай.

Ол қазіргі уақытта әншінің жағдайы жақсарғанын айтты.

«Басында ол бұл дертке сеніңкіремеген еді. Сондықтан халық та өз денсаулығына барынша мұқият болсын деп, болған жағдайды айтып отырмыз», – деді Жүнісбай.

«МузАРТ» тобының директоры Мейрамбек Бесбаев дәрігерлерге алғыс білдіргенін жеткізді.