Ауруханаға түсіп қалған Илья Ильин видео жариялады
Ол COVID-19 жұқтырмағанын, тек стресс салдарынан қатты аллергия болғанын жеткізді. Ильин бір аптадан бері ем-дом қабылдап жатыр
Ауыр атлетикадан бірнеше дүркін әлем чемпионы Илья Ильин ауруханада түсірген видео жариялады.
https://www.instagram.com/tv/CCVh8gMBsQY/?utm_source=ig_embed
«Алты күннен бері ауруханада жатырмын. Қазір жағдайым жақсы. Мен COVID жұқтырған жоқпын. Стресс салдарынан ағзамда аллергиялық реакция болды», — деді Илья Ильин видеода.
Чемпион дәрігерлерге алғыс білдірді.
«Сіздерге оңай емес, біз мұны түсінеміз. Қазір халық дәрігерлерге зор үміт артып отыр» — деп жазды ол.
Sputnik