Ауруханадан шыққан Амандық Баталов өзі туралы айтты

0

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов коронавирустық емдеуден кейін ауруханадан шығарылды.

Бұл туралы әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бүгін мені ауруханадан шығарды. Мені қолдаған барлық адамдарға, ең алдымен жерлестеріме, достарыма, туыстарыма шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді» деді әкім.

«Дәрігерлерге адал жұмыстары үшін ерекше рахмет. Көптеген адамдардың өмірі олардың әрекеттеріне байланысты» деді А. Баталов

Маусым айында Алматы облысының әкімінен коронавирус анықталып, тыныс алу мен жүрек соғуының қиындауы себепті дәрігерлер оны елордадағы кардиологиялық орталыққа жеткізген болатын.