«Әуретіңді жапқаның үшін кінәлі емессің!»: Мөлдір Әуелбекова орамалын сынағандарға жауап берді

0
2077
Сурет: instagram.com/moldir.auyelbekova/?hl=ru

Мөлдір Әуелбекова намаз оқып, орамал тағуын сынға алған хэйтерлерге жауап берді. Сондай-ақ, ол өзіне кімнің қолдау білдіріп жүргенін айтты.

«Әй, бал (балдыз) қыз! Няғып отчет бересің? Әуретіңді жауып жүргеніңе үшін бе? Зачем??? Образың әдемі, Аллаға шүкір! Сен дін ұстанғаның үшін кінәлі емессің! Әуретіңді жапқаның үшін кінәлі емессің! Алланың алдында КҮНӘЛІ болмасаң, адамның алдында КІНӘЛІ болғаның дым да керегі жоқ! Так что, ешкімге отчет берме! Осы бетіңнен қайтпа!!!» – деп, тым жақсы хабарлама жіберді @jbazarbaev жездекем! Так что, орамалыма қайта қайта қарсылық білдіріп, әр суретіме ерінбей қақсап жазып жүрген хэйтерлер терең ДЕМАЛЫҢДАР!» – деп жазды әнші.

Бірі жездесінің сөзін құп көрсе, екіншілері тұмашаланып киінудің қазаққа тән еместігін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, әнші екінші рет тұрмыс құрғаннан кейін орамал тағып, денені толықтай жауып тұратын киімдер кие бастаған-ды.