Ауқатты қазақстандықтар қандай көліктерді сатып алғанды ұнатады? — новости Казахстана

2018 жылы қалталы қазақстандықтардың басым бөлігі Bentley және Maybach көлігін сатып алған. Бұл туралы Қазақстан автобизнес қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған BAQ.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: ogaracoach.com
2018 жылы Қазақстандағы Luxury санатындағы көліктердің саны 330-ға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 47%-ке жоғары.
Ауқатты қазақстандықтардың басым бөлігі Bentley маркасындағы көліктерді қалайды екен. Мұндай 140 көлік тіркелген. Оның 101-і Continental GT маркасындағы көлік болса 29-ы Flying Spur седаны, 22-сі Bentayga.
Сондай-ақ, қалталы азаматтар Mercedes-Benz Maybach S-Class көлігін де ұнататын болып шықты. Өткен жылы S560 және S500 маркалы 65 седан тіркелген. Оның 24-іне бірінші рет нөмір берілген.
Қымбат көліктердің үздік бестігін Maserati 29 бірлік (оның төрт көлігі елімізде алғаш рет тіркелген), Rolls-Royce 24 бірлік (оның бесеуі елімізде алғаш рет тіркелген) Ferrari (оның он бірі қайта тіркеуден өткен) қорытындылап отыр.
Сонымен қатар еліміздегі арнайы ХҚКО-да 3 Lamborghini мен 2 Aston Martin көлігі де тіркеуден өткен.
Қымбат көліктердің басым бөлігі Алматыда (191 бірлік) тіркелген. Ал Астана қаласында 63 көлік, Алматы облысында 24 көлік тіркеліпті.
Дереккөз: kaz.nur.kz