Ауласында мәйт жасырылған: Ауылдастары таңдайлық мұғалімнің жұмысқа шығуына қарсылық білдірді

0
502

Полиция департаменті Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай ауылында қайтыс болған нағашысының мүрдесін сарайында ұзақ уақыт жасырын сақтаған мектеп мұғаліміне қатысты қылмыстық іс қысқартылды деп хабарлады. Ал мектеп оқушыларының ата-анасы сол мұғалімнің мектепке келіп жұмысын жалғастыруына қарсылық танытып отыр. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылмы жазды.

Еске салсақ Таңдай ауылының тұрғыны, 82 жасар Сағынғали АХБЕРЛИЕВ өзінің жиен қарындасымен бір шаңырақта бірге тұрып келген. Ауыл тұрғындарының айтуынша соңғы айларда қарияның бой көрсетпеуі күдік тудырып, басқа да туыстарын алаңдата бастаған. Неге екені белгісіз, ол нағашысының мүрдесін сарайға бірнеше ай сақтап қойған. Тергеу кезінде мұғалім әйел жұмысынан уақытша шеттетілді. Сараптама қорытындысы бойынша нағашысы өз ажалынан өлген.

– Істің қысқарғанын біліп отырмыз. Енді мұғалім мектепке келіп жұмысын жалғасытыра ма – оған аудандық прокуратура жауабын береді. Әзірге нақты ештеңе айта алмаймын, -деді Қ. Ахмедияров атындағы орта мектептің директоры Серік ҚОЙБАҚОВ.

«АЖ» поштасына хабарласқан тұрғындардың бір тобы мұғалімнің өзь жұмысына қайта оралуына қарсы екенін білдірді.  Осыған қатысты 206 адамның қолы қойылған арыз хат мектеп директорына, Бақсай селолық округі әкіміне, аудандық прокурорға, облыстық білім беру басқармасына, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалына жолданған.

«Ол нағашысының мүрдесін бірнеше ай сарайына неге жасырын сақтағаны, іздеп келгендерге шынын айтпай, анда-мында кетті деп әуре-сарсаңға салуы түсініксіз. Осындай адамның мектепке қайта оралып, біздің балаларға тәлім-тәрбие беруіне қарсымыз. Егер жергілікті құзырлы орындар арызымызды ескермейтін болса онда президентке, білім министріне дейін шағымданамыз. Кейбір ата-аналар мұғалім жұмысын жалғастыратын болса балаларын мектепке беруге бас тартуға дайын отыр» деп жазады ауыл тұрғындары.

Мүрдені неге ұзақ сақтады, зейнетақысын пайдаланды ма деген сұрақтарға әзірге жауап жоқ.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету