Аухадиев Кеңеске 86 жыл

0

ЕЛІ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТКЕН ЕР ТҰЛҒА!

Мемлекет қайраткері Кеңес Мұстаханұлы Аухадиев Алматы қаласы Совет аудандық партиа комитетінің бірінші хатшысы қызметінде СОКП ОК саяси биросының мүшесі, Қазақстанның бірінші басшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа (партбилетті ауыстыру кезінде №00000011) яғни оң бірінші билетті тапсыру салтанатында мен Қазақ телевизиясының арнаулы тілшісі ретінде телевизиялық көріністі бейнебаян әзірлеп, сұхбат алған едім. 

Бұл қоғам өміріндегі тарихи оқыға 1973 жыл. Сол сәтте Бірінші хатшы Кеңес Мұстаханұлы Димекеннің алдында қатты толқып тұрды. Осы көріністе Димаш Ахметұлының ақ батасын алды. Д. Қонаевтың сенімді серіктесі әрі лайықты ізбасары бола білді. Кейіннен Алматы қаласының мэрі-төрағасы, Алматы облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін аброймен атқарды. Бұл Димаш Ахметұлының кадр саясатындағы көрегендік істерінің бірі, тікелей қамқорлығында болды. 

Алматы қаласы және облыстың іргелі істерінің басы-қасында жүрді. Д. Қонаевтың тікелей басшылығының арқасында Алматы қаласындағы бір неше сәулет ғимараттары Медеу, Қазақстан қонақ үйі, пионерлер сарайы, Қапшағай қаласы, Қапшағай теңізі, Үлкен Алматы каналы, Бартоғай су қоймасы салынды. Сол игі істердің басында қайраткер Кеңес Аухадиев жүрген еді. Өмірінің соңғы жылдары Д.А. Қонаевтың есімін мәңгі сақтауға арналған іс-шаралардың ортасында (Қонаев қорының) жүрді.

Осыдан бір неше жыл бұрын Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықовтың арнайы шақыруымен облысқа тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш премьері Ұзақбай Караманов, мемлекет қайраткері Кеңес Аухадиев, академик-дәрігер Камал Ормантаевты әуежайдан күтіп-алу, бірге жүру, кездесу шараларын ұйымдастыру маған (ол кезде облыс әкімінің орынбасары қызметіндемін) тапсырылған еді. «Сыр Алаштың анасы» деп аталған өңірде киелі орындарда, Қорқыт баба кесенесінде, әйгілі шайыр Тұрмағанбет ауылында, Марал баба кесенесінде, Байқоңыр қалашығында (бұл аймақта академик Камал Ормантаев туып өскен) одан әрі Арал ауданында (Ұзақбай Карамановтың туған ауылы) кіші Арал, Аманөткел су тоспа айлықтарында болды, халықпен кездесті. 

Кеңес Аухадиев Сыр өңірінің киелі топырағында Қазақ хандығының төрт астанасы болған (Сығанақ, Жанкент, Сауран, Қызылорда) тарихи орындар, ұлы тұлғалар Мұстафа Шоқай, Темірбек Жүргенов туралы мағыналы әнгімелер айтқан еді кездесулерде. Елі үшін қажымас еңбектің үлгісін көрсеткен халықтың құрметіне бөленген Дінмұхамед Қонаевта, Ұзақбай Карамановта, міне Кеңес Аухадиевте мәңгілік келмес сапарға аттанды . Бүгін, яғни осыдан екі жыл бұрын дәл осы күні Кеңес Мұстаханұлы да дүниеден озған еді. 

Бұл тағдыр. «Жазымыштан озымыш жоқ».Үлкен тұлғалардын жандары жәннетте, пейіштің төрінен орын алып Алла алдынан жарылқасын. Әумин! 

Ержан Уәйіс

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Ыстанбұл.

Суретте: Кеңес Аухадиев, Ұзақбай Караманов, Камал Ормантаев, Ержан Уәйіс.