Ауғанстаннан келген қандастардың азаматтығын рәсімдеу қаралып жатыр – Ерлан Қарин

0
165

ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Ауғанстаннан таяуда жеткізілген отандастарымыздың ертеңіне қатысты жоспармен  бөлісті. 

«Бірінші мақсат – Ауғастаннан келген қандастардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамту. Сондықтанда олар алдымен карантинге жіберілді. Содан соң отандастарымыздың азаматтығын рәсімдеу процесі басталады. Бүгінде ол үшін қажетті шешімдер қаралып жатыр. Одан кейін тиісті жоспар бар, сол бойынша әрекет етеміз», – деді Ерлан Қарин.

Президент көмекшісі қандастарымызды жұмыспен қамту,  балаларына білім беруді мәселелері өз деңгейінде шешілетінін айтты. Айта кету керек, 9 қыркүйек күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ауғанстаннан 35 этникалық қазақ тарихи отанына оралды.