Ауғанстанда жер сілкінді

2018 жылғы 30 желтоқсан 09:50 13

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісі Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 848 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жер сілкінісі 30 желтоқсанда Алматы уақытымен 7 сағат 2 минут 29 секундта тіркелген. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 9,7. MPV тербелісі — 4.7.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz