Ауғанстанда алты айда мыңнан аса бейбіт тұрғын мерт болған

0

Ауғанстанда биылғы жылдың алғашқы жартысында 300-ден аса бейбіт тұрғын қаза тауып, 2466 адам жараланған. Бұл туралы бүгін, 30 шілдеде БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек миссиясы (UNAMA) жариялаған есеп айтылған.

Қаза болған бейбіт тұрғындар туралы жаңа мәлімет америкалық шенеуніктер Ауғанстанда 18 жылға жуық жалғасып келе жатқан исламшыл қарулы топтар мен үкімет күштері арасындағы соғысты тоқтатуға әрекет етіп жатқан және елдің жартысына дерлік аумағын бақылауында ұстап отырған «Талибан» қозғалысымен келіссөздер кезеңі тығырыққа тірелген тұста жарияланды.

Вашингтон қыркүйек айының соңына жоспарланған Ауғанстан президенті сайлауына дейін «Талибанмен» бейбіт келісімге келуді көздеп отыр.

Әлем елдерінің көбі «Талибанды» террорлық ұйым деп таныған.

Соңғы айларда Ауғанстанда қауіпсіздік күштері мен үкімет нысандарына тәліптер шабуылы жиілеген. Ауғанстан армиясы мен АҚШ әскерилері қарулы топтарға қарсы операцияларын күшейткен.

Azattyq