Ауғанстан? Тоқаев легитимділігі осал болғандықтан қоғамдық пікірмен санасады — саясаттанушы
Саясаттанушы Досым Сәтпаев бұл пікіріді Азаттыққа берген сұхбатында айтты.
Мұхтар Тілеубердінің АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы тілдесіп, Ауғанстан туралы ақпарат таратпауына қатысты және Қазақстан дипломаттарының нені жасырып отырғаны туралы сұраққа саясаттануш:
«Олардың жауабы жоқ, әлі шешім қабылдамаған. Легитимділігі осалдау болып тұрған президент Тоқаевқа кей мәселеде қоғамдық пікірмен санасуға тура келетінін ескерген жөн. Соның ішінде ауған босқындары да бар. [Биліктегілер] бәлкім мұның барлығы Тоқаевтың имиджі мен беделіне қалай әсер етеді, қоғамдық пікір тұрғысынан оның саяси резюмесіне нұқсан келмей де деп қарап жатқан болар» деп жауап берді.
«Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстанмен салыстырғанда Қазақстанның Ауғанстанмен ортақ шекарасы жоқ. Мұнда география – ең маңызды фактор. Иә, біздің Ауғанстанмен ортақ шекарамыз жоқ, бірақ құдай бетін әрі қылсын, көршілерде тұрақсыздық болса, бұл Қазақстанға да мәселе тудырары анық. Қазақстан мен Орталық Азияның басқа елдері үшін «Талибан» — қара жәшік, яғни олар әрі қарай не боларын болжай алмайды» дейді Досым Сәтпаев.
Сонымен бірге саясаттанушы Өзбекстан мен Қазақстан ауған мәселесі бойынша жақсы альянс құруы тиіс деген ойды айтты.
» Өзбекстан мен Қазақстан ауған мәселесі бойынша жақсы альянс құруы тиіс. Ислам Каримов тұсында Өзбекстан қарулы күштері Ауғанстандағы радикалдармен ықтимал соғысқа қарқынды дайындалған, ал өзбек армиясы аймақтағы күштілердің бірі саналады. Осы альянс айналасына Орталық Азияның басқа елдерін біріктіруге болады. Оның үстіне Өзбекстан мен Түркіменстан арасында әскери әріптестік жөнінде келісім бар. Бұл маңызды, себебі қазір ең осал шекара – біршама қорғалған өзбек-ауған емес, түркімен-ауған шекарасы. Ал тәліптер көктемде Өзбекстанға «шабуыл жасамау» туралы белгілі бір кепілдік берген. Дегенмен радикалдардың бұл кепілдігінің өзі соншалық сенімді фактор емес.
Тәжікстан аумағында Ресейдің әскери базасы бар, бұл да маңызды фактор. Бұл «Талибанның» Тәжікстанға соққы беру жөніндегі ықтимал жоспарына (бірақ әзірге мұның ауылы алыс) аз да болса кедергі. Ал түркімен-ауған шекарасы осал. Онда күзет әлсіз, армияның әскери әлеуеті төмен. Өзбекстан қазір Түркіменстанмен әріптес, Қазақстанға да Түркіменстанмен қауіпсіздік саласында әріптестік орнатқан артық болмас. Құдай сақтасын, [радикалдар] Түркіменстан арқылы шекараны кесіп өтер болса… Қазақстан үшін бұл – үлкен қауіп» деді Досым Сәтпаев.