Ауғанстан мен Пәкістан мешіттерінде жарылыс болды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Жойқын жарылыстар жұма намазы кезінде болған

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр — Sputnik. Ауғанстан астанасы мен Пәкістанның Кветта қаласында екі жарылыс болды, деп хабарлайды РИА Новости.


©
REUTERS / OMAR SOBHANI

Ауғанстанның қауіпсіздік күштері жарылыс болған Кабул мешітінің маңында тұр, Ауғанстан, 24 мамыр 2019 жыл

Кветта мешітінде жұма намазы кезінде жарылыс болды. Намазға 40-қа жуық адам жиналған. Қолдан жасалған жарылғыш зат мінбердің артына қойылыпты. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, көрші үйлердің терезелеріне дейін сынып кеткен.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, оқиға салдарынан 25 адам көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Теракт кезінде ең бай адамның үш бірдей баласы көз жұмды

Әзірге Пәкістандағы бірде-бір террористік топ теракт үшін жауапкершілікті мойнына алған жоқ.

Екінші жарылыс Кабул мешітінде болды. Салдарынан белгілі діни көшбасшы Мавлави Самиулла Райхан (Mawlawi Samiullah Raihan) қайтыс болды. 16 адам зардап шекті.



sputniknews.kz