Әуежайдан ұшып бара жатқан ұшақ кісі басып кетті
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
Ұшақ экипажы белгісіз бір затпен соқтығысқаны туралы хабар берген
АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Шереметьево әуежайының ұшу-қону жолағында ер адамның мәйіті табылды.
РИА Новости жедел қызметтерге сілтеме жасап хабарлағандай, ер адамның денесінде жарақат іздері болған.
Оған дейін әуежайдан Мәскеу-Афины бағдарындағы ұшақ ұшып шыққан екен.
Шереметьево әуежайы берген мәлімет бойынша, 20:10 кезінде экипаж ұшақтың белгісіз бір затпен соқтығысқанын хабарлапты.
Ресейдің Тергеу комитеті Twitter желісінде оқиға орнында түсірілген видеоны жариялады. Видеоны түсірген қызметкердің айтуынша, жолақ бойында ер адамның күртесінің жүні мен қалдықтары, спорттық аяқ киімнің бауы табылған.