“Әуелі ата-анасын өлтіріп, кейін өзіне қол салған” — Атырауда жағаұстатарлық оқиға орын алды

0

Атырауда 25 жастағы жігіт әуелі ата-анасын өлтіріп, кейін өзіне қол салған.

«Астана» телеарнасының мәліметіне сүйенсек, ер адам 65 және 58 жастағы ата-анасына бірнеше рет пышақ сұғып, ақ параққа «кешіріңдер мені» деген жазба қалдырғаны да айтылады.

«Жігітті бірі – ғаламтордағы ойынның тапсырмасын орындаған десе, бірі – лудоман болған деп, сан-саққа жүгіртіп жатыр. Полиция жігіттің бұрын-сонды істі болмағанын және есірткіге қатысты тіркеуде тұрмағанын айтты», – деп жазылған телеарна мәліметінде.

Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, ерлі-зайыптыны өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ қайтыс болған ер адам мен әйелдің ұлының денесі табылған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша 25 жастағы ер адам 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтірген, содан кейін өз өмірін қиған. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жедел тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

фото:  Tengrinews.kz / Турар Казангапов