Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты аумағындағы ұшақтар жергілікті әкімдікке берілді

0

Алдағы жылдары бұл көпшілікке қолжетімді демалыс орны болмақ.

Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институты аумағындағы ұшақтар жергілікті әкімдікке берілді. Бұл жерді абаттандыру үшін инвесторлар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институты аумағындағы ұшақтар тұрған жер жыл бойы жабық тұрады. Алдағы жылдары бұл көпшілікке қолжетімді демалыс орны болмақ.

«ҚР Қорғаныс министрлігінің Ақтөбе аудандық пайдалану бөлімі де өз үлесін қосып жатыр. Олар Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институты аумағында сквер салу үшін жерді жергілікті әкімдікке қайтарып берді. Алдымен 4 ұшақ коммуналдық мекемеге берілді, енді алтауын береді. Қазір осыған инвестор іздеп жатырмыз», — деді қала әкімі Ілияс Испанов.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/