АУДАН АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ДӘСТҮРЛІ IX СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ

0

Бүгін аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен аудан ардагерлері арасында дәстүрлі IX спартакиада өтті.

Спартакиадаға кент және ауылдық округтерден 130 ардагер қатысуда. Спорттың 5 түрі бойынша, атап айтқанда, қол күрес, асық, бес асық, арқан тарту, жеңіл атлетика (60 м, 500 м, 1000 м), эстафета(40х80) бойынша өткізіліп отырған спартакиданы аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы ашып, жарысқа қатысушы ардагерлерге сәттілік тіледі.

Сіздер ауданымыздың өркендеуі мен дамуы үшін өз қажыр-қайраттарыңыз бен ақыл-кеңестеріңізді аямай келесіздер. Сіздерді өмірде әрқашан азаматтық пен адамгершіліктің үлгісі, үлкенге құрмет, кішіге қамқор бола білген азамат ретінде танимыз. Сіздерді бұдан әрі де арамызда ақылшы, кеңесші бола жүріп, еліміздің игілігі үшін қоғам өміріне белсене араласады деп сенемін- деді аудан басшысы.

Спартакиадада сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлиев Садық, жарыстың бас төрешісі Мұрат Жаңабергенов сөз алып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Жарыс нәтижесінде командалық есеп бойынша І орынды Ақсу ауылдық округі иемденсе, ІІ орынды Жалағаш кентінің ардагерлері иеленді. Ал жүлделі ІІІ орынға білім саласының ардагерлері ие болды. Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Айта кету керек, Ақсу ауылдық округі командасы ардагерлер арасындағы спартакиадада қатарынан 4-рет жеңімпаз атануда.

 

Қосымша мәлімет үшін: Ауданымызда қазіргі таңда 4000-ға жуық ардагер бар. Олар 79 бастауыш ұйымдарында есепте тұрады. Оны 11 адамнан құралған аудандық ардагерлер кеңесі басқарады. 1500-ге жуық батыр аналар бар.

Ауданымызда қазіргі таңда 146 спорт нысандары жұмыс жасайды.

Бүгінгі таңда ауданның 10004 тұрғыны бұқаралық спортпен тұрақты айналысып, бұл жалпы тұрғындардың 28 пайызын құрайды.