Ауа райының жылуына байланысты коронавирус індеті басылады деп айту қате – ғалымдар – Қазақстан жаңалықтары

0

Қытайдың ғалымдары коронавирус Цельсий шкаласы бойынша 8,72 градустық ауа температурасында жылдам таралатындығын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Зерттеу Қытайдың 400 қаласы мен ауданында жүргізілген. Зерттеушілер 20 қаңтар мен 4 ақпан аралығында вирустың таралуына бақылау жасаған. Олар ауруға шалдыққандардың саны мен ауа температурасын сарапқа салыпты. 

Тәжірибе нәтижесінде ғалымдар жылы елдерде коронавирус әлдеқайда баяу таралады деген тоқтамға келді. 

«Вирус жоғары ауа температурасына сезімтал келеді. Бұл жағдай оның жылы мемлекеттерде таралуына деген тосқауыл бола алады», – деп мәлімдеді мамандар. 

Сондай-ақ коронавирусқа шалдыққандардың статистикасы індеттің таралуы әртүрлі климаттық жағдайларға – суық және құрғақтан бастап тропикалық климатқа дейін байланысты екендігін көрсетіп отыр. Мысал ретінде ғалымдар Сингапурды атап кетті. 

Зерттеушілердің айтуларынша, көктем мен жаздың жақындауы коронавирустың таралуын төмендетеді деген сөз емес. Олар мемлекеттерге ауруға қарсы қосымша сақтық шараларын әзірлеуге кеңес берді. 

«Коронавирус тұмау секілді жоғалып кетеді деп сеніп, қол қусырып отырудың қажеті жоқ. Біз бұлай деп болжай алмаймыз, өйткені біздің қолымызда дәлеліміз жоқ», – деді ДДСҰ-ның директоры Майк Райан.

Соңғы ақпаратқа сүйенсек, 110 мемлекетте коронавирусқа шалдыққандардың саны 113 мыңнан асып отыр. Олардың төрт мыңнан астамы аурудың кесірінен жан тапсырған. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда үй карантиніне жабылғандарға қатысты ережелер айтылған еді. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз