Ауа райы: Еліміздің кейбір өңірлерінде жауын-шашын болады
Бүгін, 1 наурызда Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде жауын-шашын болып, республиканың солтүстігінде қар жауады деп күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі ықтимал деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23, күндіз екпіні 29 м/с жетеді. Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, Жарма ауданында жел 25 м/с күшейеді.
Ақмола, Жамбыл, Түркістан облыстарында жаяу бұрқасын болып, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей бөліктерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.