Ауа райы: Еліміздің кейбір аймақтарында тұман түсіп, жел күшейеді – новости Казахстана

0
199

28 қаңтар, дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ және жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді деп хабарлайды «Қазгидромет».

Қызылорда, Жамбыл облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай, Ақтөбе облыстараның бірнеше бөлігінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады.

Атырау, Маңғыстау облыстарының бірқатар аумағында тұман түсіп, түнде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, Атырау облысында көктайғақ болуы ықтимал.

Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Дереккөз: kaz.nur.kz